18 нау, 2021 сағат 09:38

Қазақстанда машина жасау өндірісі 121,2% артты

2021 жылдың ақпан айында Қазақстанда машина жасау өндірісінің өсімі 121,2% құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі артқан. Атап айтқанда: 

- автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің нақты көлем индексі (НКИ) – 119,6%;

- электр жабдықтарының НКИ - 107,4%;

- басқа да көлік құралдарының НКИ - 138,5%;

- басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар НКИ - 154,6%;

- компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер НКИ - 138,5%;

- машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату НКИ - 104,9%.