02 мау, 2021 сағат 16:35

Қазақстанда құрастырылған көліктер бағасы неге қымбаттап барады?


Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы неге қымбаттап барады? Бұл сауалған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бізде көлік құрастырудың оқшаулануы 35-43 пайызды құрайды. Яғни, қазақстандық автокомпоненттердің қолданылу көрсеткіші төмен болғандықтан бағаны тұрақты ұстай алмай отырмыз. Автобөлшектерді шетелден импорттаймыз. Сол себепті көлік бағасы төмендемей тұр. Бірақ, көлік құралдарын құрастыру келісіміне сәйкес, оқшаулануды 50 пайызға жеткізгеннен кейін бағаға қатысты іс-шаралар қолдана алатын боламыз. Сонда баға қалыпқа келеді деп ойлаймыз», - деді Аманияз Ержанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Сонымен қатар вице-министр көлік құрастырудың оқшаулануы 50 пайызға жеткен кезде отандық автомобильдер бағасының қанша пайызға төмендейтіндігі нарыққа байланысты екендігін баса айтты.

«Оқшаулану 50 пайызға жеткенде көлік бағасы мынша пайызға арзандайды деп айта алмаймын. Бірақ, нарық сұранысына, шығарылған әр көлік моделінің қосылған құнына байланысты баға төмендеуі мүмкін деп есептейміз», - деді ол.