Елде күнбағыс өндірісі артқанымен, оның құны арзан болмай тұр. Energyprom.kz мәліметтеріне сәйкес, аталған өнім құны бір жылда 12 пайызға артқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зерттеу агенттігінің дерегінше, тазартылмаған май өндірісі бір жыл ішінде 71,5 пайызға қымбаттаған.
«2022 жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майын өндіру көлемі 235 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 38,1 пайызға көп. Тазартылмаған күнбағыс майы 160 мың тоннаға (бір жылда 71,5 пайызға өсті), тазартылған күнбағыс майының үлесі 75 мың тоннаға (2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5 пайызға аз) тең», - делінген зерттеуде.
Өңірлік тұрғыдан алғанда, күнбағыс майын өндірудің жалпы көлемінің жартысына жуығын Шығыс Қазақстан облысы қамтамасыз еткені анықталған.
Онда 78,1 мың тонна тазартылмаған және 33,6 мың тонна тазартылған май өндірілген. Тазартылмаған күнбағыс майын өндіру үлесі Абай (43,8 мың тонна) және Қостанай (9,1 мың тонна) облыстарында, өңделген түрі Шымкент (24,2 мың тонна) және Алматы (10,4 мың тонна) қалаларында айтарлықтай көп.