18 қаз, 2021 сағат 15:05

Қазақстанда күн суытады



«Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың 19-21 қазан аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".


Болжамға сәйкес, үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген Антициклонның ықпалынан еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз жылы болады.


Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, ауа температурасы төмендейді.


Ал Алматыда 19 қазанда күн ашық болады, ауа температурасы түнде +6°C, күндіз +16°C болады.


20 қазанда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +19°C. 21 қазанда күн алабұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10°C, күндіз +18°C.


Елордада 19 қазанда күн ашық, ауа температурасы түнде +1°C, күндіз +14°C.


20 қазанда күн бұлтты, 21 қазанда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4°C, күндіз +10°C.


Шымкентте 19 қазанда күн ашық, ауа температурасы түнде +6°C, күндіз +22°C.


20 қаңтарда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +23°C.


Ал 21 қазанда күн алабұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8°C, күндіз +15°C болады.