22 жел, 2021 сағат 18:36

Қазақстанда криптоиндустрия мен блокчейн технологиялары қалай дамиды?


ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстанда криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Отырыс аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында криптобиржаларға банктік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері қаралды.

Жобаны іске асыру ел бюджетіне қосымша салық түсімдерін, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ криптовалюта биржаларының қызметін реттеу бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіреді және криптовалюта ағынын реттеу үшін оларды мейілінше ашық етуді көздейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар банктері пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Ә. Смайылов екінші деңгейлі банктермен өзара іс-қимыл жасау үшін АХҚО-да криптобиржалардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.