Иллюстрация: pasporta.org
Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден астам адам анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылдың басынан бері шетелдіктердің (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) және Қазақстан Республикасы азаматтарының жалған құжаттарды пайдалануының 150 дерегі әшкереленді. Сондай-ақ қос азаматтығы бар 233 адам анықталды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгені құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының жолы кесілген.
"Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды. Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Ведомство шекарадан өту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттігін ескертті.