23 мау, 2020 сағат 20:20

Қазақстанда коронавирустан қайтқан науқас саны 134 болды

Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Ақмола облысында - 1953 және 1931 жылы туған ер азаматтар, 1963 және 1952 жылы дүниеге келген әйелдер, Алматы қаласында 1951, 1928 және 1936 жылы дүниеге келген үш әйел дүниеден озды. 

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.

Қазақстан бойынша барлығы 134 адам қайтыс болды.