21 сәу, 2022 сағат 17:33

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 98%-дан астамы сауықты


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 98%-дан астамы дертінен айықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевқа сілтеме жасап.

«Қазақстанда COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тәулігіне 20-ға дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркеледі. Бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті, сәуір айынан бері көрсеткіш 1-ден төмен. Науқастардың 98%-дан астамы сауығып шықты. 

Соңғы айда стационарлық ем алатын науқас саны 5,7 есе (588-ден 102-ге дейін), амбулаториялық ем алып жатқан науқастар - 3,4 есе (5655-тен 1655-ке дейін), инфекциялық төсек орындарының жүктемесі 2,0 есе (8-ден 4%-ға дейін), реанимациялық төсектер жүктемесі 3,5 есе, яғни 7-ден 2%-ға дейін төмендеді», - делінген хабарламада.