23 шіл, 2022 сағат 10:03

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейді


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК деректеріне сілтеме жасап.

23 шілдедегі жағдай бойынша тағы 2654 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша елімізде инфекцияны жұқтырғандар саны 1 328 844-ке жетті. 

Оның ішінде: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 797, 

Алматы қаласында - 804, 

Шымкент қаласында – 115,

Ақмола облысында – 70, 

Ақтөбе облысында – 36, 

Алматы облысында - 74,

Жетісу облысында - 126,

Атырау облысында - 46, 

Шығыс Қазақстан облысында - 17,

Абай облысында - 30,

Жамбыл облысында - 78, 

Батыс Қазақстан облысында - 48, 

Қарағанды облысында - 212,

Ұлытау облысында - 3,

Қостанай облысында - 36, 

Қызылорда облысында - 52, 

Маңғыстау облысында - 33, 

Павлодар облысында - 35, 

Солтүстік Қазақстан облысында - 20, 

Түркістан облысында - 22.

Сондай-ақ, 23 шiлдедегi мәлімет бойынша, қазір елімізде 16 295 адам коронавирус инфекциясынан (–16 147+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 280 пациент стационарда, 15 015 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

31 адамның жағдайы ауыр,

8 пациенттің жағдайы өте ауыр,

4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.