15 нау, 2022 сағат 11:13

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялар саны артып келеді


Қазақстада қолма-қол ақшасыз операциялар саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың қаңтар айында Ұлттық банк төлем жүйелері арқылы 52,5 трлн теңге сомасына 4,2 млн транзакция жүргізілді. Орташа алғанда, бір күнде төлем жүйелері арқылы 2,9 трлн теңге сомасына 232,5 мың транзакция орын алды. 2022 жылғы қаңтарда қолма-қол ақшасыз операциялардың саны мен көлемі 5,4 трлн теңге сомасына 438,5 млн транзакцияны құрады», - деді ол.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазақстандық банктердің ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу бойынша барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылуда. 

«Ұлттық банк нақты уақыт режимінде жағдайдың дамуын және олардың нарықтарға ықпалын қадағалап отырады. Қазақстанның қаржы жүйесіне Ресейге қарсы санкциялардың әсер ету дәрежесін бағалап, қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар қабылдауды жалғастырады», - деді Ұлттық банк төрағасы.