19 қаз, 2022 сағат 08:15

Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін


Автосарапшылар Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Atameken Business сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың сөзінше, бұған АҚШ-тан Қытайға микрочиптерді экспорттауға қойылған шектеулер себеп болуы мүмкін.

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдегі ең ірі автоөндірушілер үшін жартылай өткізгіштерді жеткізудегі негізгі мемлекеттер. Енгізілген шектеулер жағдайды ушықтыруы мүмкін.

Кейінгі екі жылда әлемде чип өндірісінің тапшылығы шамамен 10 пайыз болған. Ал мұндай көрсеткіштермен көлік бағасы шамамен 15-25 пайызға қымбаттайды.

Дегенмен сарапшылар автокөлік бағасының өсуі ұзаққа бармайтынын, шектеулер аясында бағаның күрт өсуі спекуляциялық мақсатта болатынын айтады.

"Бағаның өсуі жалғасады. Осыны пайдаланып спекуляциялық әрекеттер болады, қысқа мерзімді өсім болады, бірақ бұл тыйым салумен тікелей байланысты емес. Бағаның өсуі бұрыннан бері келе жатыр. Ұзақ уақыт бойы біз одан арыла алмаймыз. Ол кем дегенде алты ай жалғасады. Барлығы қымбаттайды", - деді автосарапшы Павел Федотов.