04 мам, 2022 сағат 18:32

Қазақстанда киік саны өсіп келеді


Қазақстанда киіктердің санын анықтау және бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкіметте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Расында да киіктердің саны артып келеді. Орал популяциясына келсек, онда 500 мыңнан астам өсім байқалады. Қазіргі уақытта киіктер санын бақылау және анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысты жақын күндері аяқтаймыз және 10 мамырда киіктердің нақты санын білетін боламыз», - деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

«Болжам бойынша, бір ғана Оралда киік саны 1 миллионға дейін артуы мүмкін. Бұл деректерді 10 мамырдан кейін жариялаймыз», - деді Экология министрлігі.