26 нау, 2022 сағат 12:49

Қазақстанда халық саны 19 миллионнан асты


Қазақстанда халық саны 19 миллион 143 мың 200-ден асты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұлттық статистика агенттігінің мәліметінше, оның 11 млн 300 мыңнан астамы - қала тұрғындары. Ал 7 млн 700 мыңнан астам адам ауылда тұрады.

Телеарна хабарлауынша, елде өткен жылмен салыстырғанда халық саны 1,3 пайызға өскен. Отандастарымыздың 49 пайызға жуығы – ерлер, 51 пайызы – әйелдер.

Одан бөлек, 11 миллионнан астам адам "еңбекке жарамды" деп танылған. Ал этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70 пайызға жеткен.