Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда қай ел азаматтары бизнеспен айналыса алатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады", - деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап резидент ретінде саналмайтын жеке тұлғаларды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, соның ішінде ЖСН жасау, тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жеке тұлғалардың ЖСН-ін мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінен шығару жұмыстары Ішкі істер министрлігіне өткенін еске салды.