28 там, 2021 сағат 19:39

Қазақстанда кәсіпкерлік дамыту ұлттық жобасы қабылданады


Қазақстанда кәсіпкерлік дамыту ұлттық жобасы қабылданады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек» бағдарламасы аясында жылсайын 700 мың адам қолдау іс-шараларымен қамтылады. Бұл – оқыту, жұмысқа орналастыру, тұрақты жұмыс орны, алғашқы жұмыс орны. Бағдарлама 2017 жылдан бері қолданыста. Биыл бағдарлама аяқталады. Жұмыспен қамтудағы оның маңыздылығы мен тиімділігі ескереліе отырып, қазірдің өзінде Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы қабылданады. «Еңбек» бағдарламасындағы барлық бастамаларды Ұлттық жобаға қосамыз. Ол Мемлекет басшысы жарлығымен қабылданады және жобалық басқару әдістері қолданылады. Қазірдің өзінде алдағы 5 жылға арналған есептеу бар. Іс-шаралар толық жазылған», - деді вице-министр. 

Оның атап өтуінше, жобалық басқарудың барлық құралдары келесі жылдан бастап жүзеге асырылады. 

«Цифрландыру бойынша, жұмыс берушінің талаптарымен оқыту бойынша барлық құралдар Ұлттық жобада көрініс табады. «Еңбек» бағдарламасы жаңа форматта жалғасады», - деді Ержан Біржанов.