
Қазақстандағы сауда нысандарының алғашқысы қашан ашылады? Бұл сұраққа Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«17 тамыздан бастап санитарлық талаптарға жауап беретін нысандар жұмысын бастайды», - деді Ералы Тоғжанов ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық санаттағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, балалардың коррекциялық кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек), балалардың мектепке дейінгі мекемелері (кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат), сән-салондары, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар осы талаптарға сай болуы керек.
