Сауда және интеграция министрлігі елдегі қанттың орташа бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ресми статистикаға сүйенсек, бір келі қанттың орташа бағасы 450-470 теңге болады. Кейінгі аптадағы бағаға қатысты статистика әлі келмеді.
Адамдар қантты неліктен жаппай сатып алып жатқанын түсіндіре алмаймын. Мұны халықтың өзінен сұрау керек. Қазір елде қант жеткілікті. Жоқ жерден дүрбелең жасауға болмайды", - деді Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев.