Қазақстанда қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға уақытша тыйым салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алты ай мерзімге Қазақстан Республикасы аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 1701 99 100) және шикі құрақ қантты (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 1701 13, 1701 14 ) әкетуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы шараларды қолдану туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылған.