Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жасалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
"Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары жеткілікті", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жеткізушілердің географиясын кеңейту мақсатында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүріп жатқаны айтылды.
"Қазақстанда биыл тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар.
Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шаралар қабылдайтын болады", - деп нақтылады министрлік.
Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанда меншікті қант өндірісі 276,9 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 89-ға жоғары.
ҚР-да қант пен сірнені тұтынудың шамамен 60%-ын (өнеркәсіптік пайдалануды қоса алғанда) импорттық өнім (шикі қант) құрайды. 2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант және шикі қант импортталды.
Ресей Федерациясынан ҚР-ға 275,8 млн тонна әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға аз. Бразилиядан – 164,6 млн тонна, Беларусьтен – 35,5 млн тонна, Мексикадан - 30,4 млн тонна.