Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Ресейден Қазақстанға еңбек мигранттарының көптеп келуі байқалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде Ресей Федерациясынан және т.б. еңбек мигранттары ағынын көріп тұрған жоқпыз, қазір Қазақстанда 100 мыңға жуық Ресей азаматы бар. Оның 6 мыңы 2022 жылдың басынан бері жұмысқа келген. Жыл сайын Қазақстаннан кететіндер келгеннен гөрі көп екенін көрсететін теңгерім бар", - деді Шәпкенов Сенат отырысында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министрге болашақтағы кадрлар мен жұмыс орындары тапшылығының ықтималдығы туралы сұрақ қойылды.
"Әр салада мамандықтар атласын жасадық, 9 жаңа мамандық пайда болды. Әр салада кадр тапшылығы болады. Нарық өзгеріп жатыр, кейбір мамандықтар жойылады, кейбіреулері өзгеруге мәжбүр болады, ал кейбірі жаңадан пайда болады. Мен тіпті "дрон-операторы" мамандығы болады деп ойлаған емеспін. Технологиялар дамып, соған сәйкес мамандықтар да пайда болады. Әр салада кадр қажет болады. Сұранысқа қарай бұл кадрларды дайындау керек", - деп жауап берді Шәпкенов.