09 нау, 2021 сағат 09:15

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өскен

ҚР Ұлттық банк қаржы-несие жүйесі департаментінің директоры Жандос Шаймарданов ақпанда іскерлік белсенділік индексі 0.6 пунктке, яғни 49-ға дейін өскенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қызмет көрсету саласында қаңтарда іскерлік белсенділік индексі 47,4 болса, ақпанда 49,2-ге көтерілген. 

Құрылыс саласында қаңтарда 51,1-ден 47,4 ке азайған. 

Өнеркәсіпте 49,4-тен 49-ға дейін төмендеген. 

«Ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында (54.0), Нұр- Сұлтанда (52,2), Түркістан облысында (42,6) іскерлік белсенділік көрсеткіші артқан. Сондай-ақ, өткен айда кәсіпорындардағы бизнес белсенділік артқан. Инфраструктура, қаржы және несиеге қолжетімділік, сондай-ақ бизнесті қорғау жақсарған. Алайда, бизнеске кері әсер ететін өнімге және қызметке салынатын салықтық жүктеме сол күйінде қалып отыр», - дейді Жандос Шаймарданов. 

Алдағы 6 айда көрсетілетін қызмет индексі 24 болуы ықтимал. Бизнес климат индексі қаңтарда - 6 болса, ақпанда - 11,9 құраған. 

Сауалнамаға барлығы 457 кәсіпорын: құрылыс саласынан - 66, өнеркәсіп саласынан - 175, қызмет саласынан - 216 кәсіпорын қатысқан.