17 сәу, 2023 сағат 10:46

Қазақстанда имидждік шараларға бюджеттен қанша ақша жұмсалады?

Сурет: kapital.kz

Қаржы министрлігі 2023 жылы имидждік шараларға республикалық бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Ведомство республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын форумдар, семинарлар, конференциялар мен имидждік іс-шараларды өткізуге 2,2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

2023 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарында мынадай іс-шараларға қаражат бөлу көзделген:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен форумдар, семинарлар мен конференциялар;
  • 2023 жылғы қазанда XI Азаматтық форум;
  • Маусымдағы халықаралық еріктілер форумы;
  • ақпанда өткен Digital Almaty 2023 форумы;
  • қыркүйекте "Әлеуметтік инновациялар жалпы еңбек қоғамына жол ретінде" форумы;
  • маусымда Астанада Қазақстан патриоттарының форумы;
  • мамырда өтетін машина жасаушылардың форумы;
  • қыркүйекте "Иннопром-Орталық Азия" халықаралық көрмесі;
  • "Парыз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі.