Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған доллардың есептік бағамы мен инфляция дәлізі бір апта ішінде қайта қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігінің басшысы қазір ведомство Ұлттық банкпен бірлесіп биылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындалып жатқанын атап өтті.
"Негізгі параметрлер: доллардың есептік бағамы, инфляция дәлізі. Бұл мәселелер осы аптада талқыланады. Бюджет жобасын жасаған кезде бұл сан белгілі болады. Қазір айта алмаймын. Мұны Ұлттық банкпен болжап, бағам бойынша, белгілі бір тауарлар мен қызметтердің өсуі бойынша қарастыру керек. Бір апта ішінде белгілі болады", - деп нақтылады Жамаубаев Үкімет кулуарында.