19 ақп, 2021 сағат 13:36

Қазақстанда доллар депозиттері 37 %-ға дейін төмендеді

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов Қазақстандағы депозиттердің долларлану деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, 2020 жылы долларлық депозиттердің үлесі 37,3%-ға дейін төмендеді. 

«Бұл 2013 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Айырбастау пункттерінің АҚШ долларының жылдық таза сатылымы 4 млрд долларға дейін төмендеді немесе 2019 жылмен салыстырғанда – 14%. Бұл сандар белгілі бір деңгейде халықтың және бизнестің ұлттық валютаға деген сенімділігінің артқанын көрсетеді», - деп атап өтті Олжас Төлеуов

Спикердің сөзінше, 2020 жылы Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,7 млрд АҚШ долларға дейін өсті және бұл соңғы 9 жылдағы ең жоғары деңгей. Резервтердің жалпы портфелі де, резервтердің валюталық бөлігі де артты. 

Орталық банктердегі мөлшерлеменің айырмашылығына байланысты қазақстандық компаниялардың Ресей банктеріндегі несиеге «жоғары сұранысы» туралы ақпаратқа қатысты

«2015 жылы инфляциялық таргеттеу мен еркін айналым курс режиміне ауысу үшін көп дайындық жасалды. Ұлттық банк фиксивті айырбастау курсын қорғау тактикасынан саналы түрде бас тартып, инфляцияны таргеттеуге басымдық берді. Ұлттық валютаны фиксивті курста ұстау – алтын валюталық қорды азайтып, ол қазақстандық экономиканың сыртқы шоктарға деген төзімін әлсіретіп жіберді. Жалпы алғанда, қазір ұлттық валюта ішкі де, сыртқы да факторларға әрекет етеді. Бұл биржадағы саудалардың қорытындысынан жақсы байқалып тұр, дегенмен, кейбір жағдайлар курсқа біраздан кейін барып қана әсер етеді», - деді Ұлттық банк өкілі.

Сонымен қатар, ол халықаралық нарықтарға анализ жасай отырып, теңге курсының динамикасы мен құбылмалылығы Ресей рублі, Норвегия кроны, Мексика песосы және басқа құбылмалы мұнай валюталары бағамдарының өзгеруі мен құбылмалылығына сәйкес келетінін айтты.

Бұл қазір теңге шынымен еркін айналымдағы курс екенін және әлемдік шикізат нарығына байланысты, ортақ сыртқы жағдайларға байланысты қалыптасып отырғанын көрсетеді.

Қазақстан Ұлттық банкі валюталы нарықтағы жағдайды үнемі бақылай отырып, артық құбылмалы жағдайды тегістеу үшін тиісті шара қолдану құқығына ие.

«Былтыр жыл бойы төмен сатылым болған жекелеген кезеңдерде Ұлттық банк валюталық нарықты интервенциялар арқылы қолдап отырды, себебі, сол арқылы валюталық нарықты дұрыс жұмыспен қамтамасыз етті. Интервенцияның 79% немесе 1,5 млрд АҚШ доллары 2020 жылдың наурызында жасалған, яғни, мұнай бағасы күрт төмендеген кезде, нарықтар құлдырап, саудадағы серіктес елдердің валюталары рекордты мөлшерде әлсіреген кезде жасалды. Интервенцияның қалғаны ішкі валюталық нарыққа теңсіз қысым жасалған кезде, яғни, былтыр ақпан, қыркүйек және қазан айларында жасалды», - деді ол.

Айта кететін маңызды мәселе, былтыр мұнай бағасы қатты арзандап, валюталарға тең емес қысым жасалғанда, курстары еркін айналымдағы дамушы елдердің орталық банктері де ішкі нарықтарында валюталық интервенция жасады. 

Мысалы, Ресей біз атаған осы кезеңдерде Орталық банкі тарапынан Ұлттық әл-ауқат қорының валюталарын сату арқылы рубльге қолдау көрсеткен. Ал, олардың Ұлттық банкінің сатылған қаражаты негізінен елдің алтын валюталық резервіне қосылатын. 2020 жылдың 10 наурызы мен 20 сәуірі аралығында ғана Ресейдің орталық банкі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстанда болса, Ұлттық банк былтыр жасаған таза интервенцияның көлемі Қазақстан қор биржасындағы АҚШ долларымен жасалған жылдық сауда көлемінің небары 7% құрады. Бұл – валюталық нарықты тұрақтандыруға арналған сатылған интервенцияның көлеміне қарамастан, теңге курсы көбіне нарықтағы жағдайға сәйкес қалыптасып отырды дегенді көрсетеді.

Ішкі нарықта валютаның Ұлттық қор қаражаты түріндегі ұсынысы теңгенің нарықтық факторлармен және еркін айналым режимінің негізгі принциптерімен анықталатынын жоққа шығармайды.

«Ең алдымен, Ұлттық қордың қаражаты мен трансферті Ұлттық Банктің алтын валюталық активтеріне қарамайды. Трансферттердің ауқымдығы мен ағымы бюджет процесінің элементтері, оны Үкімет саясаты реттейді. Сондықтан, бұл жағдайда Ұлттық банктің рөлі қаржы институты ретінде осы процеске тек қызмет көрсетумен шектеледі. Мұнай экспорттайтын компаниялардың салығы түріндегі Ұлттық қорда жиналған ресурстар ол нарықта жүзеге асатын ішкі валюталық ұсыныстарды реттеуші немесе оның интервенция жасайтын бөлігі емес, толыққанды нарықтық ресурс», - деді спикер.