21 қар, 2022 сағат 13:46

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады


Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы он айдың ішінде 13,3 процентке көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал кейбір өңірде қымбатшылық орташа көрсеткіштен де асып кетті. Олар: Алматы +17 пайыз; Маңғыстау облысы - 17,1 пайыз; Ақтөбе облысы +16,7 пайыз; Жетісу облысы +16,2 пайыз; Жамбыл облысы -14,4 пайыз; Қызылорда облысында ең төменгі көрсеткіш тіркелді. Ол жақта дәрі-дәрмек 8,9 пайызға қымбаттады.


Биыл қаңтар-қараша айларында елімізде дәрі-дәрмекті өндіру көлемі 112 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға төмен. Осы уақыттың ішінде Қазақстанда бір миллиард доллардың дәрісін сырттан әкелген.

Импорт 17,3 пайызға өсті. ТМД елдеріне 101,3 миллион доллардың дәрісі жеткізілді. Бірінші орында - Ресей, одан кейін кейін - Беларусь пен Украина.

Ал ТМД-ға кірмейтін мемлекеттерден 12 500 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Жалпы құны - 900 миллион доллар. Алғашқы үштікке Қытай, Германия мен Үндістан кіреді.