05 қаң, 2021 сағат 16:55

Қазақстанда былтыр 9,8 мың км жол жөнделді

Былтыр Қазақстанда барлығы 9,8 мың шақырым жол жөнделді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылы 9800 шақырым жол жөнделді. Жол құрылысы жұмыстарына 200 мыңнан астам адам тартылды. Ал 2025 жылға дейін 11 мың шақырым жол салынады және жөнделеді. 2025 жылға дейін автожол саласында 550 мың жұмыс орнын құру көзделген», - делінген ақпаратта.