Қазақстанда сәуірдегі жылдық инфляция деңгейі 13,2 пайыз, бір айда 2 пайыз, жыл басынан бері 7,3 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 17,9 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1 пайызға, ақылы қызметтер 8,9 пайызға өскен.
Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда қант, жаңа піскен көкөністер, картоп және құс еті қымбаттады. Жұмыртқа бағасы 4,1 пайызға төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі жеке тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруін көрсетеді.
Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы жыл басынан бері индекс құрылымында азық-түлік тауарлары 40,7 пайызды, азық-түлік емес тауарлар 30,2 пайызды, ақылы қызметтер 29,1 пайыз болғанын айтты.
Жақыпбекұлының айтуынша, 2022 жылғы сәуірде 2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі мынадай:
Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да тарифтердің өсуі байқалады. Бір жылда электр энергиясы 10,6 пайызға, қоқыс шығару 7,8 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 3,2 пайызға қымбаттаған.
681 рет оқылды