08 сәу, 2021 сағат 07:34

Қазақстанда бір айдың ішінде тұрғын үй бағасы қаншаға өсті?

Қазақстанда бір айда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

«Бір айда (2021 жылғы наурыз 2021 жылғы ақпанға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өскені туралы хабарлаған болатынбыз.