Фото: elements.envato.com
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы өкілдері Қазақстанда бір жылда жылжымайтын мүлік қаншаға қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бір жылда (2022 жылдың маусымы мен 2021 жылдың маусымы аралығы) екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы 26,8 пайызға, жаңа тұрғын үй 19,5 пайызға өсті. 2022 жылдың маусымында тұрғын үйді жалға алу ақысы 21 пайызға өсті", - делінген хабарламада.
Бюрода өңірлік бөліністе алғашқы тұрғын үй нарығындағы баға жылдық есеп бойынша Нұр-Сұлтанда 27,9 пайызға өскенін атап өтті. Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша көшбасшы Қызылорда – 46,7 пайыз, тұрғын үйді жалға беру нарығында - Алматы - 48,3 пайыз.