09 қыр, 2021 сағат 15:57

Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жол құрылысының құны жоғары емес - Камалиев


Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жол құрылысының құны жоғары емес. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда автожол құрылысының жоғары құнына қатысты сұрақтар жиі қойылып жатады. Осы орайда, біздің автомобиль жолдарының орташа құны жолдың санатына, жол жабындысының құрылымына байланысты 1 млн-нан 2,5 млн долларға дейін жететіндігін атап өткім келеді. Ал көрші елдерде, Еуропа мемлекеттерде ол 3 млн-нан 5 млн долларға дейін жетеді», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның атап өтуінше, жобаның құны жоба-сметалық құжаттаманың негізінде «Мемсараптама» РМК-ның мемлекеттік сараптамасынан өткеннен кейін айқындалады. Ал жұмыстардың сапасы жұмыстарды қабылдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі.