29 нау, 2018 сағат 18:09

Қазақстанда аутист балаларды қолдауға арналған қайырымдылық шарасы өтеді

"Болашақ" корпоративті қоры Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған "Көк түсті жақ" акциясын өткізеді. Бұл туралы қордың Facebook-тегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Астанада осы жексенбі күні "Керуен" және "Аружан" сауда ойын-сауық орталықтарында екі бірдей іс-шара өтеді. 2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні болып табылады.

"Аутизм дертіне шалдыққан балаларды бұл күні қалайша қолдаймыз? 2-ші сәуір күні киім-кешектің немесе аксессуардың көк түсін таңдаймыз; суретке түсіп, суретті әлеуметтік желідегі өз парақшаңызда #2сәуір хэштегімен белгілеп жариялаңыз; өз аватарыңызды http://twibbon.com/support/light-it-up-blue-4 қосымшасының көмегімен көк түспен жарықтандырыңыз; өз қалаңыздың орталығындағы флешмобқа қатысыңыз; аутист балалары бар отбасыларға көмектестін ұйымдарға жәрдем беріңіз; аутизм туралы ақпаратты қолжетімді тәсілмен таратыңыз", - делінген  қоғам қайраткері Аружан Саинның парақшасында.

2007-ші жылдың қаңтар айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2 сәуірді Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні деп жариялады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әр 160 баланың 1 аутизм  ауытқуларымен дүниеге келеді. "Keruen" СОСО-да қайырымдылық акциясы 1-ші сәуір күні сағат 11.00-де өтеді.