23 қар, 2022 сағат 17:23

Қазақстанда ақылы жолдардан қанша табыс түскені айтылды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстандағы тасжолдардың ақылы учаскелерінен түскен табыс туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша 2200 шақырымдық ақылы жолдан жалпы жиынтық 25 миллиард теңгеге жуықтаған.

"Бұл қаражат бірінші кезекте осы жол учаскелерін күтіп ұстауға және ақы алу жүйесін ұстауға бағытталған", - деп түсіндірді Төлеген Абдуллин.