Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Осылайша, "ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінде бензин бағасы 137 теңгеден 139 теңгеге өскен. Ал АИ-95 бензинінің литрі 150 теңгеден сатылып жатыр.
Sinooil жанармай бекеттерінің сайтынада АИ-92 бағасы 140 теңге екені жазылған. АИ-95 152 теңге. Helios жанармай бекеттерінде АИ-92 138 теңге, ал АИ-95 150 теңге.
"Аурика" жанармай бекеті АИ-92 бензинін 145 теңгеден сатып жатыр. Ал АИ-95 маркасын литрі 161 теңгеден.
"Газпромнефть" жанармай құю бекеттері желісінде АИ-92 литрі 139 теңгеден 141 теңгеге өскен. АИ-95 бензині 153 теңге көлемінде қалып отыр.
Еске салайық, мұның алдында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясының өкілдері АИ-95 маркалы бензині 145 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін айтқан. Қаңтардың ортасында АИ-92 бағасы ірі жанармай станцияларында литіріне 137 теңге көлемінде бекітілген болатын. Бұл бензин маркасының қымбаттауы қаңтардың басында көтерме бағасының өсуіне байланысты. Бұл сомманы литіріне шаққанда сатып алу бағасы 3,4-5 теңгеге қымбаттаған.