11 сәу, 2022 сағат 14:01

Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін


Қаржы министрлігі "2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осылайша, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге);
  • жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш - 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге).

Құжатты "Ашық НҚА" порталынан табуға болады. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.