13 мам, 2022 сағат 13:14

Қазақстанда АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті


"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда бірқатар есептік көрсеткіш мөлшері өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сонымен, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда есептік көрсеткіштер мөлшері мынадай болады:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (бұрын - 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (бұрын - 46 302 теңге);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге (бұрын - 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (бұрын 36 018 теңге).

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.