видео кадры
Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банда мүшелерінің есебінде төрт адам өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау фактілері бар. 6 адамнан тұратын топ қылмыстарды 26 жыл бұрын жасай бастаған.
"1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан.
1999 жылы полиция қызметкерлері банданың төрт мүшесін ұстады. Кейіннен сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына кесілсе, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды" - делінген хабарламада.
Топтың бір мүшесі құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, сыртқы түрін өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
"27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде топтың соңғы қатысушысы Көкшетауда ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр" - дейді ведомство баспасөз қызметі.