05 қаз, 2021 сағат 12:13

Қазақстанда 9 жаңа су қоймасын салуға қанша қаражат керек?


Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 9 жаңа су қоймасын салу қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы 5 жылда 1,7 текше километр көлемінде суды шоғырландыру үшін 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұл 14 елді мекенге (70 мың адам) су тасқыны қаупін азайтуға, 195,3 мың гектарда жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді Брекешев.

Оның айтуынша, алдын ала есептеулерге сәйкес, 9 жаңа су қоймасын салудың жалпы құны 59,4 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде 11,3 млрд тенгесі 2022-2024 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен қолдау тапты. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау үшін қосымша 700 миллион теңге, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025-ші жылға дейін 47,4 млрд теңге қажет.

«Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде көрші елдерге су тәуелділігін төмендетуге әкеледі», - деді министр.