Үкімет 2022 жылғы демалыс күндеріне өзгеріс енгізді. 6 қазанда Премьер-Министр Асқар Мамин қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етеді», — делінген қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он тәулік өткен соң қолданысқа енгізіледі.