17 қаз, 2022 сағат 13:57

Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады


Қазақстанда 2025 жылға дейін 11 мың шақырым тасжол ақылы болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Қазіргі уақытта ақылы учаскелердің ұзындығы - 2 161 шақырым. Биыл жалпы төлемдер төрт миллиард теңге болды. Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғанда, 11 мың шақырымға кезең-кезеңімен ақы төлеуді енгізу қарастырылады", - деді Өскенбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Ведомствоның баспасөз қызметі 11 учаскеде төлем енгізілгенін түсіндірді: "Астана-Щучинск", "Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай", "Алматы-Қорғас", "Қапшағай-Талдықорған", "Тараз-Қайнар", "Шымкент-Тараз", "Шымкент-Ташкент", "Шымкент-Қызылорда", "Щучинск-Көкшетау", "Астана-Павлодар".

Жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға - 1 теңге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға - 25 теңге.