03 қар, 2020 сағат 11:17

Қазақстанда 10 айда азық-түлік тауарлары 8,3 пайызға қымбаттаған

2020 жылғы 10 айда баға азық-түлік тауарларына – 8,3, азық-түлік емес тауарларына – 4,5, ақылы қызметтерге 3 пайызға жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, қазанда (2020 жылғы қыркүйекке) бағаның өсуі жұмыртқаға – 10,3, құмшекерге – 7,3, күнбағыс майына – 6,3, жаңа жиналған көкөністерге – 2,8, картопқа – 2,1, сүтке – 1,4, шайға – 1, қой етіне – 0,9, ұнға, сары майға – 0,8, макарон өнімдеріне, жылқы етіне – 0,7, нанға – 0,6 пайыз белгіленді. Темекі өнімдері – 1,8, салқындатылған сусындар 0,6 пайыз қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған жемістерге – 3,9, тауықтың сирағына 1,1 пайызға тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарларға, дәрі-дәрмекке – 0,8, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге – 0,7, тоқыма бұйымдарына, киім және аяқ киімге, жиһаз және үйге қажетті заттарға 0,6 пайызды құрады.Тас көмір 1,4 пайыз қымбаттады.

Баға деңгейі моншаға бару – 0,8, спорттық кешендер қызметтеріне – 0,7, стоматологиялық қызметтеріне – 0,6, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 0,5 пайыз өсті. Әуе көлігімен жол жүру ақысы 2,4 пайыз арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығару – 6,7, суық суға – 2,5, кәрізге – 2, электр энергиясына – 0,7, ыстық суға 0,3 пайыз өсті.