30 қар, 2021 сағат 11:54

Қазақстан ядролық-отын циклінің тігінен интеграцияланған кешенін құруды көздейді


Қазақстан ядролық-отын циклінің тігінен интеграцияланған кешенін құруды көздейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2009 жылдан бастап өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Бүгінгі таңда Қазақстан табиғи уранды өндіруге және жеткізуге ғана емес, сонымен қатар жоғары бөліністегі уран өнімін өндіруге және өткізуге де мүдделі. Осы мақсатта ядролық-отын циклінің тігінен интеграцияланған кешенін құру көзделеді», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы баяндаған министр. 

Оның дерегінше, «Үлбі металлургия зауытында» қуаты жылына 317 тонна уран диоксиді ұнтақтарын өндіру, 155 тонна скраптарды қайта өңдеу және 400 тонна отын таблеткаларын өндіру бойынша жобалар іске асырылды.

«Бұдан басқа, ағымдағы жылы «Қазатомөнеркәсіп» қытайлық әріптесі China General Nuclear Power Company-мен бірлесіп, «Үлбі металлургия зауытының» базасында қуаты 200)тонна жылу бөлгіш құрастырмалардың дайын ядролық отынын шығаратын зауыт салу жобасын іске асырды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.