Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың көбейгенін ескертеді. Олар қандай да бір алаяқтық әрекет бойынша істің мән-жайын анықтамақ болып, өздерін ҚҰБ қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау келтіріп, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді. Содан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды. Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді.
Пайдаланушының дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу үшін қаскөйлер неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады, соның ішінде жалған құжаттарды ұсынуға да бейім болады. Яғни олар ҚҰБ қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.
Алаяқтардың түпкі мақсаты – қолға түсірген деректер арқылы ақша жымқыру және азаматтарға ауқымды материалдық залал келтіру.
Есіңізде болсын, Қазақстан Ұлттық Банкі:
«Ұлттық Банктің» атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз құқық қорғау органдарына хабар берген абзал.