көрнекі сурет
ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатта Қазақстан аумағында вакцинация паспорты жарамды 20 мемлекеттің тізімі берілген.
Осылайша, елімізде тағы тағы үш мемлекеттің вакциналау паспорты мойындалып отыр.
Тізімді Перу, Сербия және Тунис толықтырды.
"ҚР аумағында Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациясының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын", - делінген құжатта.