Қазақстан ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу туралы келісімнен бас тартуы мүмкін. Қазір бұл платформаны қазақстандық IT-компаниялар күшімен әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазіргі геосаяси жағдайға және өзіміздің басқа да тәжірибелерді қарап, мемлекеттік органға кіретін "ҰАТ" АҚ күшімен жасаймыз. Сол платформа қазақстандық IT-компаниялар күшімен жасалынады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл аяғына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері қолданыла бастайды", - деді Жамбақин ОҚК-да өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, жаңа платформаны толық әзірлеу және енгізу шамамен 2-3 жылға созылады.