Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі - қазіргі кездегі әлемде ең маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі кезде әлемдегі шектеулі табиғат ресурстарының азаюына қарамастан халық санының өсіп келе жатқанын ескере кететін болсақ, осы мәселенің ары қарай шешу жолдарын іздестіруін талап етеді. Бұл мақалада азық-түлік қауіпсіздіктің рөлі мемлекет экономикасында аграрлық секторды дамытудың басты бағыты ретінде қарстырады, сонымен қатар ұлттық қаупсіздік элементі ретінде азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешудің мүмкін болатын жолдары ұсынылады.
Бүкіл әлемде азық-түлік қауіпсіздігі - ұлттық қауіпсіздіктің негізі және экономиканың аграрлы сектордың дамуының маңызды бағаты. Мемлекеттің өзінің азық-түлік қоры болмаса, қалған ұлттық қауіпсіздікті құраушы элементтер негізін жоғалтады. Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің бір бөлігі ретінде қарастырылады, оның мәні сапалы экономикалық өсу деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз ету, яғни мемлекеттің тұрғындары мен қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, жеткілікті мемлекеттік резервті, белсенді төлем және сауда теңгерімдерін қолдану болып табылады.
Жалпы экономикалық қауіпсіздікті шешпей тұрып мемлекеттің ішкі экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қиын, сонымен қатар әлемде болып жатқан үрдістерге әсерін тигізу, ел алдында мемлекеттік мүддені қорғау да қиын болады. Міне, сондықтан да азық-түлік қауіпсіздік мәселесін қазіргі таңда аграрлық сектордағы реформалармен және экономикалық қауіпсіздікті шешетін механизмімен тығыз ара сабақтастыра қарауымыз қажет.
Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін халықаралық және мемлкетттік елеулілігі басым жаһандық мәселе ретінде қарастыруымыз қажет. Сонымен, қазіргі қоғамға азық-түлік қауіпсіздік ең маңызды мәселе ретінде қарастырады. Себебі, біріншіден, қоғамды азықпен қамтамасыз ету физикалық тұрғыда тұрғындарды тіршілік әрекетімен қамтамасыз ету; екіншіден, азық-түлік қауіпсіздік мемлекеттің саяси тәуелсіздігін және экономикалық тұрақтылықты анықтайтын, оның ұлттық-мемлекеттік құзыреттілігіне еш әсерін тигізбей өзінің тұрғындарының біріншілік қажеттілігін қамтамасыз ету қабілеттілігін анықтайтын ұлттық қауіпсіздіктің бір бағыты болып табылады. 2010 жылдың 1 ақпанында Президент жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жуырдағы онжылдықта азық-түлік қауіпсіздік мәселесі тұрақты мәселеге айналып, бүкіл әлем одақтары назар аударатын болады деп бекітілген.
Соған байланысты Қазақстан Республикаының азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін зерттеу, сонымен қатар ұлттық экономиканың агроөнеркәсіп кешенін басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу өзекті мәселелрдің бірі екені анықтайды.
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық қауіпсіздік аспектісінде қарастыру өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі бұл үрдісте ауылшаруашылық өндірісін дамытудың нақты тенденциялары, ішкі нарықтың жағдайы және ондағы тұтынушылардың жағдайы көрсетілген, сонымен қоса ұлттық экономикадағы азық-түлік әлемдік нарыққа тәуелділік деңгейін анықтайды, ел дамуында ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып мемлекеттік стратегия механизмін қолданады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету азық-түлік саласында дағдарысты ескертуге, тамақтанудың физиологиялық мөлшер деңгейінде өмір сүруге қажетті өнімдермен халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да шараларды дайындау және жүзеге асыру арқылы жеткізіледі.
Азық-түлік қауіпсіздік қажетті деңгейін қамтамасыз ететін саясатты қалыптастыру теориялық және әдіснамалық ережелерге негізделген болуы қажет, ал оның жүзеге асуы әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жұмыс үшін қажетті тауар өндірушіге көмек көрсету арқылы жүргізілуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз ел тұрғындарының азық-түлікке кепілді қолжетімділік ғана емес, сонымен қатар мемлекет өз ресурстары арқылы ағымды және төтенше қажеттіліктерді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету қабілеті. Азық-түлік дағдарысының бой алуы жағдайында немесе оған қауіп төнгенде атқарушы билік органдары шектелген уақытта тамақ өнімдерін белгіленген мөлшерде бөлуді орнатуы мүмкін. Азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттік және аймақтық деңгейде кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы нәтижеге жетеді.
Мемлекеттік деңгейде келесідей шаралар кешені арқылы көрсетуге болады:
- Үкімет азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу керек;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаттты бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;
- ҚР азаматтарына тамақ өнімдерін өндіру және оны тарату сапасы мемлекеттік стандарттар талаптарына сай болуын қамтамасыз ету;
- мемлкеттік азық-түлік резервін басқару;
- азық-түлік дағдарысы жағдайында ҚР атқарушы билік органдарының, халықты қорғау саласында ҚР аймақтарында атқарушы билік органдарының мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- халықты өмір сүруге қажетті тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтерді жинау және талдау, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздік саласында жағдайды дамытуды болжамдық бағалау жұмыстарын жүргізу. Аймақтық билік органдары деңгейінде келесідей іс-шаралар жүргізіледі:
- аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып азық–түлік қауіпсіздік саласында біріңғай мелекеттік саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік мақсатты бағдарламаға енгізілмеген белгілі бағыттар бойынша өзіндік мақсатты бағдарламалар қалыптасады және жүзеге асырылады;
- ҚР аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекттік органдарының қызметтерін үйлестіру.