Фото ©РИА Новости
Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақшолақов дизель отынын екі партиямен жеткізу жоспарланғанын айтты.
"Жалпы көлем 100 мың тоннаға дейін жетеді және бұл Ресейден келетіні анық. Бізге жақын жеткізушілерде дизель отынының онша мөлшері жоқ. Мұндай мүмкіндік әуе керосині сияқты қажет болған жағдайға алдын ала қарастырылған. Сондықтан жөнелтулер басталып кетті, бұл мәселемен "ҚазМұнайГаз" компаниясы тікелей айналысып жатыр.
Жақында дизель отынының бірінші партиясы жеткізіледі деп күтіледі", - деп түсіндірді министр.