22 мау, 2022 сағат 11:17

Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік кезегінің себебі айтылды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік кезегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Әлеуметтік желіде Ресей-Қазақстан шекарасындағы бес шақырымдық көлік кезегі түсірілген видео тарап жатыр. Автор Қазақстанға кіруге ниеттілер кезегі 11 маусымда жинала бастағанын айтады.

Шекара қызметі мәліметінше, шынымен де шекарада ресейліктер саны артқан, бірақ бұл мереке күндерге байланысты.

"11 маусымда Ресей күнін мерекелеуге және 12-13 маусым демалыс күндері деп жарияланғанына байланысты, Қазақстан мен Ресей шекарасында Қазақстанға туыстарымен көрісуге, демалуға келетін ресейліктер саны аздап өсті. Осыған байланысты қазақстандық бақылау-өткізу бекеттерінде қызметкерлер саны көбейіп, өткізу штаттық режимде жүргізілді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.