30 қыр, 2021 сағат 14:58

Қазақстан Ресей экономикасына 4,5 млрд доллар инвестиция құйды – Тоқаев


Қазақстан Ресей экономикасына 4,5 млрд доллар инвестиция құйды. Бұл туралы XVII Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда 7,5 мыңнан астам ресейлік және 3,5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жемісті жұмыс істеп тұр. Бірлескен ынтымақтастық жылдары ішінде форумымыздың аясында шамамен 200 келісім және келісімшартқа қол қойылды. Осы кезеңде тауар айналымы 3,5 есеге артып, 19 млрд долларға жетті. Ресейден тікелей инвестция көлемі соңғы 15 жылдың ішінде 16 млрд доллардан асып жығылды. Өз кезегінде, Ресейге құйылған қазақстандық инвестиция көлемі 4,5 млрд долларға жуықтады. Бұл - айтарлықтай қомақты цифр. Біз экономиканың барлық дерлік саласында, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, инфрақұрылымда өзара іс-қимылды жолға қойдық», - деді Қазақстан Президенті.