29 қаз, 2019 сағат 12:14

Қазақстан Президенті «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

– Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласының «Көкқайнар» ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.