Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 24 тамызында Астанада Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасында 345,7 миллион еуро көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойылды.
Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталмақ. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді.
"Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.
Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25 пайыз құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады", - деді Ерұлан Жамаубав.